АҚШ дрон өндірісін арттыруға ниетті
Пентагон Иранның «Шахед-136» үлгісімен соғыс дрондарын жаппай өндіруге ниетті. Бұл туралы АҚШ Қорғаныс министрлігінің өкіліне сілтеме жасаған The Wall Street Journal басылымы хабарлады.
Жаңа технологияға LUCAS деген атау берілген. Ол бір рет қана қолданылуға арналған камикадзе дрон. Оны жасауға Иранның өздігінен ұшу құрылғысы себеп болған. Алайда америкалық үлгі түпнұсқаға қарағанда шағын әрі жеңілдеу. Бағасы – 55 мың доллар. Мамандардың айтуынша, бұл – арзан баға. Аталған дрондарды қағып түсіруге әдетте миллиондаған доллар жұмсалады.