Иран барлау министрінің көзі жойылды
Иранның Барлау министрі Эсмаил Хатибтің көзі жойылды. Бұл туралы ақпаратты «Рейтер» агенттігі жариялаған. Иран президенті Масуд Пезешкиан бұл ақпаратты растады.
Исраэль Кац, Израильдің Қорғаныс министрі:
- Кеше түнде Иранның барлау министрі Хатиб те өлтірілді. Ол режимнің ішкі қуғын-сүргін және жазалау шараларына, сондай-ақ Израиль мен аймақтағы басқа елдерге қауіп төндіруге жауапты болған. Израильдің саясаты айқын. Иранда ешкім құтыла алмайды. Бәрі біздің нысанада.