АҚШ Сенаты Трампты Иран мәселесінде қолдады
АҚШ Сенаты Дональд Трамптың Иранға қатысты әскери өкілеттігін шектеу туралы қарарды тағы қабылдамай тастады.
53 сенатор қарсы шығып, 47-сі қолдап дауыс берген. Құжатты Демократиялық партия өкілдері ұсынды. Қарарда президент Иранға қарсы кез келген әскери іс-қимылын Конгрестің мақұлдауымен атқаруы керек деген талап болған. Сонымен бірге оппозиция АҚШ әскерін қақтығыс аумағынан шығару қажет деп есептейді. Бірақ республикашылардың басым бөлігі Ақ үйді қолдап шықты. Олардың ойынша, президенттің Конгреспен кеңеспей шектеулі әскери соққылар жасауға заңды құқығы бар.