Иран Израильдің ең ірі мұнай өңдеу зауыттарын атқылады
Нысандар Ашдод және Хайфа қалаларында орналасқан. Бұл туралы Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы хабарлады.
Ақпарға қарағанда, бұл Иранның АҚШ пен Израиль күштеріне жасаған 65-ші шабуылы. Қақтығыс басталғалы бері Иран Израильдің оңтүстігі мен орталық бөлігіндегі 80 нысанға соққы берген. Оның ішінде бірқатар стратегиялық нысан бар.
Тель-Авивтегі Бен-Гурион әуежайы, 13-ші арна кеңсесі, Ұлттық қауіпсіздік министрлігі және Израильдің құрлық әскерлеріне тиісті ғимараттар шабуылға ұшыраған.