Жапония АҚШ-қа 73 млрд доллар инвестиция құяды

Жапония АҚШ-тың энергетика секторына 70 миллиард доллардан астам инвестиция құяды. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз қызметі хабарлады. 

Келісім бойынша Теннесси және Алабама штаттарында үш жобаны жүзеге асыру көзделген. Оның ішінде жаңа буындағы модульдік ядролық реактор салу жоспарланып отыр. Бұл мақсатқа Токио 40 миллиард долларға дейін қаржы бөледі. Сонымен қатар Пенсильвания мен Техас штаттарында газ электр станцияларын салуға шамамен 33 миллиард доллар инвестиция құяды. Екіжақты келісімдер Жапония премьер-министрі Санаэ Такаити мен АҚШ президенті Дональд Трамптың келіссөздерінен кейін мәлім болды.