Британия АҚШ-қа әскери базаларын пайдалануға рұқсат берді

Британия АҚШ-қа Ирандағы нысандарға соққы жасау үшін әскери базаларын пайдалануға рұқсат берді.

Құрама Штаттар осы мүмкіндік арқылы Ормуз бұғазындағы кемелерді атқылап жатқан Иранның зымыран кешендерін талқандауды жоспарлап отыр. Аталған шешім аймақты бірлесіп қорғау тұрғысынан қабылданған. 

Осының алдында Британия премьер-министрі Кир Стармер АҚШ-тың ұсынысын қабылдамай келген еді. Бірақ Иран Таяу Шығыстағы шабуылды күшейткен соң келісім берген. Лондон: «Операциялар Ормуз бұғазындағы кемелерге төнген қауіпті тойтаруға және қауіпсіздікті толық қамтамасыз етуге бағытталған», – дейді.