Иран Ормузда жапон кемелерін өткізуі мүмкін

Иран Ормуз бұғазы арқылы Жапон кемелерін өткізуі мүмкін. Бұл туралы парсы елінің Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи Kyodo News агенттігіне телефон арқылы берген сұхбатында мәлімдеді.

Оның айтуынша, Тегеран бұғазды толығымен жапқан жоқ, тек жауласқан елдердің кемелеріне шектеу қойған. Басқалары келісілгеннен кейін өте бермек. Иран тіпті олардың қауіпсіздігіне де жауап береміз дейді. Қазір Жапонияның бірнеше кемесі Парсы шығанағында ары қарай өте алмай тұрып қалған. Күншығыс елі тұтынатын мұнай импортының 9 пайыздан астамы осы Таяу Шығыстан келеді.