Иран жаңа экономикалық бағытын айқындады

Иранның рухани көсемі Моджтаба Хаменеи елдің жаңа экономикалық бағытын жариялады. Ол өз үндеуінде ұлттық бірлік пен қауіпсіздікке негізделген "қарсыласу экономикасын" басымдық ретінде атаған.

Сонымен бірге өмір сүру деңгейін арттыру, инфрақұрылымды дамыту, ал сыртқы саясатта Ауғанстан және Пәкістан сияқты көршілес мемлекеттермен байланысты нығайтуға баса назар аударылмақ. Бұдан бөлек, ХаменеИ Иран Түркия және Оманмен қарым-қатынасты сақтайды деп мәлімдеп, Израильді аймақ елдерінің арасында алауыздық отын тұтатуға барын салуда деп айыптады. Иран президенті Масуд Пезешкиан өз кезегінде Тегеран мұсылман елдерімен жауласпайтынын, керісінше аймақта қауіпсіздік үшін тіл табысуға дайын екенін жеткізген.