Иран Израильдегі ядролық нысанға шабуыл жасады

Иран Израильдегі ядролық зерттеу орталығы маңында орналасқан екі қалаға шабуыл жасады.

Салдарынан 100-ден астам адам жарақат алды. Олардың он шақтысы ауыр жағдайда. Бұл Натанзедегі Иранның ядролық кешеніне бағытталған соққыларға Тегеранның қарымта жауабы. Қазір оқиға орнында із-түзсіз жоғалғандарды іздестіру шаралары жалғасып жатыр. Шабуылдан кейін Премьер-министр Биньямин Нетаньяху Израильдің Иранға жойқын соққы беруге бекініп отырғанын жеткізді.