Трамп Иранға шарт қойды

Дональд Трамп Иранға Ормуз бұғазы бойынша шарт қойды.

Маңызды су жолын 48 сағат ішінде ашуды талап етіп отыр. Әйтпегенде елдің электр станцияларына соққы жасаймыз деп сес көрсетті. АҚШ президенті әлеуметтік желідегі парақшасында осындай мәлімдеме жасады. Еске салайық, Ислам мемлекеті Ормуз бұғазындағы кеме қатынасын шектеген еді. Дәл осы бұғаз арқылы жаһандық мұнай мен газ жеткізілімдерінің бестен бір бөлігі өтеді. Аймақтағы шиеленіс әлемдік жанармай бағасының рекордтық өсіміне себеп болды.