АҚШ Кубаға Ресейден мұнай алуға тыйым салды

АҚШ Кубаға Ресейден энергия ресурстарын сатып алуға және тасымалдауға тыйым салды.

Бұл туралы Құрама Штаттардың Қаржы министрлігіне сілтеме жасаған "Си-эн-би-си" ((CNBC)) телеарнасы хабарлады. Бұл шешім Куба жағасына Ресей мұнайын тиеген 2 танкер бағыт алғаннан кейін қабылданған. Кеменің біреуінде 700 мың баррель "қара алтын" болған. Айта кетейік, Бостандық аралы АҚШ-тың энергетикалық санкциясына ұшыраған. Қазір Кубада жанармай мен электр энергиясы өте тапшы.