Ұлыбритания Африкаға қаржы бөлуді қысқартады
Ұлыбритания Африканың ең кедей деген елдеріне көмек көрсетуді 56 пайызға қысқартады.
Гуманитарлық көмекке мұқтаж елдер алдағы 2 жыл ішінде 1 миллиард 200 миллион АҚШ доллар көлеміндегі көмектен қағылуы мүмкін. Бұл қаражат осыған дейін мектеп және емхана жұмыстарына бөлініп келген. Енді Эфиопия, Мозамбик, Руанда, Танзания және Замбия елдеріндегі балалардың білім алуы қиындап, мүмкіндігі шектеулі жандар мен қарттардың тұрмысы қиындауы мүмкін. Ал Ұлыбритания мұндай шешімді қорғаныс шығындарын арттыру, ұлттық қауіпсіздікті сақтау мақсатымен қабылдап отыр.