Кенияда су тасқынынан көз жұмғандар саны 88 адамға жетті
Кенияда су тасқынынан құрбан болғандар саны 88 адамға жетті.
Толассыз жауған нөсерден әсіресе ел астанасы Найроби халқы көп зардап шекті. Қаладағы кейбір су басқан аудандарда тұрғындарды тоқ соқса, енді бірін су ағызып әкеткен. Қазір 34 мыңнан астам адам эвакуацияланды. Жергілікті әкімшілік ғимараттарында, шіркеулерде және медицина орталықтарында көмек көрсету бекеттері ашылды. Күн райы қызметінің болжамы бойынша алдағы күндері тағы тоқтаусыз жауын жауады.