Бангладеште жол апатынан 24 адам қаза тапты

Бангладеш орталығында автобус апатқа ұшырап, 24 адам қаза тапты. Жолаушылар көлігін тасымалдаушы кемеге тиеу кезінде автобус Падма өзеніне құлап кеткен.

Іште 50-ге жуық адам болған. Көз жұмғандар арасында 5 бала мен 11 әйел бар. Жолаушылардың кейбірі жағаға жүзіп шыққан. Бірнеше адамның денесі әлі табылған жоқ. Оларды іздеу және мәйіттердің кім екенін анықтау ісі жүріп жатыр. Қайғылы оқиға себебі бойынша тергеу басталды.