Израиль: Иран теңіз күштерінің қолбасшысы өлтірілді

Иран Теңіз күштерінің қолбасшысы, контр-адмирал Алирезе Тангсири өлтірілді. Мұны Израиль Қорғаныс министрі мәлімдеді.

Исраэль Кац: «Ормұз бұғазын миналап, кеме жүрісін тоқтатуға жауапты адамның көзін жойдық», - деді. Оның айтуына қарағанда Алирезе Тангсири Израильдің түнгі шабуылы кезінде өзге де жоғары шенді әскерилермен бірге бақилық болды. Бұған қатысты Иран билігі әзірге ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.