Таиландта жанармай қымбаттады

Таяу Шығыстағы қақтығыс салдарынан Таиландта отын бағасы күрт қымбаттады. Жанар-жағармай құны бір тәулік ішінде 12-20%-ға өсті. 

Бұл жағдай елдің бензин мен дизельге субсидияларды қысқартқаннан кейін қалыптасып отыр. Бұған дейін жүйе мемлекеттік өтемақылар есебінен жанармай құю бекеттеріне төмен тарифтерді ұстап тұруға мүмкіндік беріп келді. Тұрғындар жанармайды жаппай сатып алып жатқан соң көптеген бекетте шектеу енгізілді. Кейбірі жабылып қалған. Сарапшылардың болжамынша, бағаның шарықтауы, әсіресе елдің өнеркәсіп секторы мен көлік инфрақұрылымына ауыр тиеді. Таиландқа шикі мұнайдың шамамен 60%-ы Таяу Шығыстан жеткізіледі.