Канада қорғаныс банкін құруға шақырады
Канада «Үлкен жетілік» елдеріне жаңа қорғаныс банкін құруды ұсынады. Бұл туралы елдің Сыртқы істер министрі Анита Ананд хабарлады.
Ведомство басшысы ұйымға мүше мемлекеттерді қорғаныс фирмаларына қажетті қаржы бөлуге бағытталған жобаға қосылуға шақырады. Көптеген шағын және орта қорғаныс фирмасында қару-жарақ пен өзге әскери құралдарға сұранысты қамтамасыз етуге капитал жеткіліксіз. Алайда Еуропаның ең ірі елдері канадалық бастаманы әлі қабылдаған жоқ. Желтоқсан айында Германия бұл идеядан бас тартты. Ал осы аптаның басында Ұлыбритания қорғаныс жабдықтарын сатып алу бойынша Нидерланд және Финляндиямен бірігуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді.