АҚШ қор нарығы құлдырай бастады

Американың қор нарығы Иранмен соғыс басталғалы күрделі қаржылық кезеңді бастан кешіруде.

Бұл туралы "Ассошиэйтед Пресс" ((Associated Press)) агенттігі хабарлады. "Эс Эн Пи 500 ((S&P 500)) индексі 2 пайызға төмендеген. Өнеркәсіп алпауыттарын біріктірген "Доу Джонс" 1 пайызға жуық құнын жоғалтты. Ең төменгі көрсеткіш "Насдак Композитте" ((Nasdaq Composite)) тіркелді, оның акциялары 2 жарым пайызға кеміген. Есесіне мұнай бағасы 4 пайызға көтерілді.