Жаһандық экономикалық өсім бәсеңдейді

2026 жылы жаһандық экономикалық өсім 2,9 пайызға дейін төмендейді.

Бұл Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының жасаған болжамы. Былтыр көрсеткіш 3,3 пайызға дейін көтерілген еді. Ал биылғы динамиканың нашарлауына бірден бір себеп - Таяу Шығыстағы қақтығыс. Яғни жаһандық экономика енді оңала бастаған кезде қайта әлсіреуі мүмкін дейді сарапшылар. Сондай-ақ 2026 жылдың аяғында Брент маркалы мұнайдың орташа бағасы барреліне 107 доллар болады. Қара алтынның құны тек 2027 жылдың аяғына қарай түседі деген болжам бар.