Британия екі жасқа дейінгі балалардың гаджет қолдануына тыйым салады

Ұлыбританияда екі жасқа дейінгі балаларға гаджет қолдануға тыйым салынады.

Ал екі мен бес жас аралығындағы балалар күніне бір сағат қана көре алады. Ел үкіметі смартфон, планшет пен компьютерлерді ұзақ уақыт қолдану физикалық белсенділікті төмендетіп, ұйқыны бұзатынын алға тартып отыр. Ресми деректерге сәйкес, екі жастағы британдықтардың 98 пайызы күн сайын гаджет қолданады. Қазір Еуропаның басқа елдері де, соның ішінде Франция, Дания және Нидерланд та балаларға шектеу енгізуге ниетті.