АҚШ Иранда 11 мыңнан астам нысанды жойды

АҚШ Иран аумағында бір ай ішінде 11 мыңнан астам нысанға соққы жасағанын мәлімдеді.

Бұл туралы АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы хабарлады. Мәліметке сәйкес, соққылар нәтижесінде Иранның 150-ден астам әскери кемесіне зақым келген. Сонымен қатар АҚШ Таяу Шығыстағы әскери күштерін көбейтті. Аймаққа 3,5 мың теңізші мен теңіз жаяу әскері жіберілді. The Washington Post басылымының мәліметінше, Пентагон ұзаққа жалғасатын операцияларға дайындалып жатыр.