Иран аймақтағы елдерге ескерту

Кейінгі тәулікте Израиль Тегеранға 120-дан астам соққы жасады. Иран Энергетика министрлігі Тегеран және Әлборз провинцияларында электр желілеріне жасалған шабуылдардан кейін жарықтың өшкенін хабарлады. 

Израильдің оңтүстігіндегі Беэр-Шева маңындағы зауытқа зымыран сынығы құлап, өнеркәсіп аймағы өртке оранған. Иран енді өзге де елдерге америкалық сарбаздар тұрып жатқан қонақүйлерге сонымен бірге оқу орындарына соққы жасайтынын ескертті. Осыған байланысты Бейруттегі Америка университеті сабақты уақытша қашықтан оқытуға көшті.