Мадуро АҚШ түрмесінен халқына үндеу жасады
АҚШ-та қамауда отырған Венесуэланың бұрынғы президенті Николас Мадуро мен оның зайыбы Силия Флорес халқына үндеу жолдады.
Олар қолдау білдірген тұрғындарға алғыс айтып, азаматтарды сабыр сақтауға және бірлікке шақырды. Ел ішінде татулықты нығайтып, ахуалды ушықтырмауға кеңес берді. Еске сала кетсек, 3 қаңтарда АҚШ күштері Каракаста арнайы операция жүргізіп, Мадуро мен әйелін ұстап әкеткен еді. Кейін америкалық сот ерлі-зайыптыға есірткі саудасына қатысы бар деген айып тақты. Алайда олар мұны жоққа шығарып отыр. Венесуэлада қазір мемлекет басшысының міндетін вице-президент Делси Родригес атқарады.