Азия қор нарығы құлдырады
Азия қор нарығы тағы құлдырады. Басты себеп сол Ирандағы соғыстың ушығуы.
Гонконгтың «Хаң Сең» индексі 3, Жапонияның Никкей 225-і 3,97, Токионың Topix-і 3,9, Оңтүстік Кореяның Kospi-і 5 пайызға төмендеді. Бұл өз кезегінде Samsung Electronics және Hyundai Motor сияқты технологиялық алпауыт компаниялардың акцияларына кері әсер еткен. АҚШ-Израиль мен Иранның арасындағы қарулы қақтығыс бесінші аптаға жақындап қалды.
Фрэнсис Лун, Venturesmart Asia LTD компаниясының бас директоры:
- Дональд Трамп «Иранмен келісімге келуге өте жақын қалғанын және Иранның мұнай өндірісін бақылауға алатынын» сан қайтара айтқанымен, оның сөздеріне ешкім сенбейтін болды. Өйткені нарықтың өз саясаты бар. Шикі мұнайдың бағасы күн санап өсіп келеді. Енді Ормуз бұғазы 1 ай жабық тұрса, шикі мұнайдың баррелі 200 долларға жетуі мүмкін. Бұл ең нашар сценарий. Әлемдік экономика қалпына келуі үшін бірнеше жылға созылатын дағдарысқа ұшырайды.