Ливанда үш бітімгер қаза тапты
Ливанның оңтүстігіндегі жарылыс салдарынан 3 бітімгер қаза тапты.
Үшеуі де Индонезия азаматы. Бұл туралы Біріккен Ұлттар ұйымының аймақтағы тәртіпті қамтамасыз ету агенттігі мәлімдеді. Қазір жарылыстың нақты неден болғаны анықталып жатыр. Осыған дейін Израиль әскері ливандық Хезболлаға қарсы әуе шабуылдарын күшейту жөнінде хабарлаған болатын. Сарапшылар оқиғаның дәл осы мәлімдемеден кейін 1 тәулік ішінде болғанын айтады. Мұндай жағдай жексенбі күні Адчит-эль-Кусейр ауданында да болып, бір бітімгер көз жұмған еді.