Италия АҚШ-қа қолдау көрсетуден бас тартты

Италия АҚШ-қа Сицилиядағы әскери-әуе базасын пайдалануға рұқсат бермеді. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады. 

АҚШ ұшақтары аралға тоқтап, жанармай құйып, техникалық тексерістен өтпек болған. Кейін олар Таяу Шығысқа бағыт алуы тиіс еді. Алайда Италияда оппозициялық партиялар бұған қарсы шықты. Олар мұндай қадам елді Таяу Шығыстағы қақтығысқа тартуы мүмкін деп, одан бас тартуға көндірген. Бұған дейін Испания билігі де осындай шешім қабылдады. Ресми Мадрид АҚШ әскери ұшақтарының әуежайларды пайдалануын шектеп, Иранға қарсы операцияға қатысатындарға әуе кеңістігін жапты.