Франция әуе кеңістігін жапты
Франция Иранға қарсы АҚШ операцияларына байланысты өз әуе кеңістігін жапты.
Ресми Париж мұндай шешімді Таяу Шығыстағы қақтығыс басталғалы алғаш рет қабылдап отыр. Бұған дейін Испания мен Италия да АҚШ-тың Тегеранға қарсы соғысып жатқан ұшақтары үшін өз әуе кеңістігін пайдалануға тыйым салған еді. Бұл екеуі, сондай-ақ америкалық жанармай тасушы және бомбалаушы ұшақтарға да әуе базаларын пайдалануға шектеу қойған.