Польша жанармай бағасына шектеу қойды
Польша жанармай бағасына шектеу қойды. Дизельдің бір литрі 7,5 злотыйдан аспауға тиіс. Бұл шамамен 980 теңге. Ал бензин бағасы 770 теңгеге тең.
Белгіленген шекті бұзған жанармай бекеттері 1 миллион злотыйға дейін айыппұл төлейді. Бұл 130 млн теңге. Сондай-ақ билік мұнай өнімдеріне қосылған құн салығын 23%-дан 8%-ға дейін төмендетті. Өйткені жанрамай алу үшін көрші елдерден көліктер ағыла бастауы мүмкін. Сондықтан шекара маңындағы жанармай бекеттерінде бақылау күшейген.
Милош Мотыка, Польшаның Энергетика министрі:
- Егер шетелдік жүргізушілердің көбеюі жанармай тапшылығына әкелсе, біз шектеу енгізуге мәжбүр боламыз. Бірақ әзірге мұндай жағдай байқалмайды. Дегенмен оны болдырмас үшін тиісті шаралар қабылдадық.