Мұнай бағасы қайтадан өсті
Әлемде мұнай тағы қымбаттады.
Басты себеп – АҚШ, Израиль мен Иранның арасындағы соғыстың ушығуы. "Рейтердің" хабарлауынша, "Брент" ((Brent)) маркасының маусымдағы фьючерстері 1 жарым пайызға өсіп, баррелі 105 долларға жетті. Ал "Дабл-ю-Ти-Айдың" ((WTI)) құны 1,6 пайызға өсіп, баррелі 103 долларға саудаланған. Сарапшылардың айтуынша, Таяу Шығыстағы қарулы қақтығыс аяқталғанның өзінде әлемдік нарықтағы шикізат тапшылығы ұзақ уақыт бойы сақталмақ. Өйткені мұнай өндірісіне қатысты қираған инфрақұрылымды қалпына келтіру, бұрынғы бағыт-бағдарға оралу және кемелердің қозғалысын қайта реттеу көп уақытты қажет етеді.