Куба түрмелерінен екі мыңнан астам адам босатылады
Куба түрмелерінен 2 мыңнан астам адам бостандыққа шығады.
Reuters ақпарат агенттігінің мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері екінші мәрте рақымшылық жарияланып отыр. Амнистия Пасха мерекесіне орай ұйымдастырылды. Рақымшылыққа жастар, әйелдер, 60 жастан асқан қарттар, сондай-ақ шетел азаматтары ілікті. Олардың түрмедегі тәртібі, денсаулық жағдайы және өтелген жаза мерзімі ескерілген. Ал ауыр қылмыс жасағандарға, соның ішінде кісі өлтіру, зорлау және есірткі саудасы үшін сотталғандарға амнистияның қатысы жоқ.