Әлемде бірқатар металдың бағасы арзандады
Әлемде бірқатар металл бағасы төмендей бастады.
Лондон металл биржасының дерегі бойынша қазір мыс 1%-ға арзандап, тоннасы 12 мың долларға бағаланып отыр. Күні кеше шарықтап кеткен алюминий бағасы да 1%-ға төмендеп, тоннасының құны 3,5 мың долларға жетті. Парсы шығанағы елдері әлемдік алюминий өндірісінің 9%-ын қамтамасыз етеді. Сондықтан бұл металдың бағасы өңірдегі жағдайға тікелей тәуелді. Сарапшылардың айтуынша, Таяу Шығыстағы қақтығыстың ушығу қаупі алдағы уақытта өнеркәсіптік шикізат бағасының төмендеуіне әсер етуі мүмкін.