Пәкістанда жанармай бағасы қымбаттады

Ертеңнен бастап елде жаңа тарифтер күшіне енеді. Дизель отынының бағасы шамамен 55 пайызға өсіп, бір литрі 520 рупийге жетті.

Бұл шамамен 880 теңге. Ал бензин 43 пайызға қымбаттап, литрі 460 рупий, яғни 780 теңге. Бағаның өсуі Таяу Шығыстағы қақтығысқа байланысты болған. Қазір Парсы шығанағы елдерінен жеткізілім азайған. Салдарынан жанармай бекеттерінде ұзын-сонар кезек пайда болды. Ал бұған дейін жанармай бағасы шамамен 20 пайызға өскен еді.