Ердоған: Түркия қақтығысқа араласпайды

Таяу Шығыстағы шиеленіс қанша ушықса да, Түркия қарулы қақтығыстарға араласпайды. Дегенмен аймақтағы текетіресті тоқтату үшін қолдан келгенін жасайды. 

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған осылай деп мәлімдеді. Елдің қауіпсіздігі басты міндет деген ол, ресми  Анкараны бұл соғыстан аулақ ұстауға ниетті екенін жеткізді. Түркияның басты міндеті – тұрақты бейбітшілікті орнату, - деді Ердоған. 

Режеп Тайип Ердоған, Түркия президенті:

- Біздің ең басты мақсатымыз – елімізді осы кезеңнен аман-есен өткізу, Түркияны бұл шиеленіске араластырмау. Бейбітшілік орнату жолында әрекетімізді жалғастыра береміз. Дипломатиялық мүмкіндіктерді пайдаланамыз. Түркия осы жолда жеңіске жетеді деп сенемін.