Трамп Иранға тағы 48 сағат берді
АҚШ президенті Иранға келісімге келу және Ормуз бұғазын ашу үшін тағы 48 сағат берді.
Дональд Трамп бұл талабын Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады. Ақ үй басшысы «алдағы екі күннің ішінде Тегеран айтқанға көнбесе, нағыз тозақ орнатамын», - деп мәлімдеді. Трамп бұған дейін де 22 наурызда және кейін бірнеше рет Иранға осындай 48 сағаттық талап қойған еді.