Израиль Иранның мұнай кешенін істен шығарды
Израиль әскері Иранның Бендер-Махшехр қаласындағы мұнай-химия кешенін атқылады. Соңы өртке ұласып, кейін сөндірілді.
Шабуыл салдарынан 5 адам қаза тауып, тағы 170-і жараланған. Бұл туралы «Фарс» агенттігі хабарлады. Тель-Авивтің ақпаратына сүйенсек, кешен аумағында жарылғыш заттар мен балластикалық зымырандарға қажет материалдар өндірілген. Израиль билігі Иранның энергетикалық инфрақұрылымына қарсы операцияны әлі де күшейтуге дайын екенін және АҚШ тарапынан ресми мақұлдау күтіп отырғанын мәлімдеді.