Иранның 30-дан астам университеті бомбаланды
АҚШ пен Израиль Иранның 30-дан астам университетіне соққы берді. Шабуыл салдарынан 5 профессор мен 60-тан аса студент қаза тапты.
Бұл туралы парсы елінің Ғылым, зерттеу және технология министрі Хоссейн Симаи-Сарраф мәлімдеді. Ол Тегеранда 3 сәуірде шабуылға ұшыраған Шахид Бехешти университетінің қирандысы жанында баспасөз мәслихатын өткізді. Министр «Білім және зерттеу нысандарына соққы жасау халықаралық құқықты бұзады және адамзатқа қарсы қылмыс», - деп сипаттады.
Хоссейн Симаи-Сарраф, Иран Ғылым, зерттеу және технология министрі:
- Университеттер мен зерттеу орталықтарын шабуылдау тас ғасырына оралумен тең. Біздің миллиондаған студенттеріміз білім алудан ажырап қалды. Біздің еліміз әлемді үлкен ғылыми ресурспен қамтамасыз етіп отырған мемлекет.