Бангладеш жұмыс уақытын қысқартты
Бангладеште жұмыс уақыты қысқарды. Енді мемлекеттік мекемелер, банктер мен жекеменшік компаниялар 1 сағат аз жұмыс істейді.
Ал ойын-сауық орталықтары кешкі 6-да жабылуы керек. Үкімет әлемдік нарықтағы энергия тапшылығына байланысты қуат көзін үнемдеуге кірісті. Бірақ халық үшін аса қажетті – дәріханалар, медицина мекемелері, азық-түлік дүкендері мен тамақтану орындары еш өзгеріс жұмыс істей береді. Associated Press агенттігінің хабарлауынша, Бангладеш мұнай мен газ импортына тәуелді. Жанар-жағар майдың 95 пайызын сырттан алады. Басым бөлігін Таяу Шығыс елдерінен тасиды. Электр қуатының жартысынан астамы газдан өндіріледі. Ал дизель отыны ауыл шаруашылығын қамтамасыз етеді.