Израильде тұрғын үйге зымыран түсті

Израильдің солтүстігіндегі Хайфа қаласында тұрғын үйге зымыран түсті. Рейтер агенттігінің мәліметі бойынша ракета Иран аумағынан ұшырылған. 4 адам үйінділер астында қалып қойды.

Қазір тұрғындарды құтқару жұмыстары жүріп жатыр. «Кейінгі ақпарға қарағанда 9 адам медициналық көмекке жүгінді. Жарақат алғандардың біреуінің хәлі мүшкіл», - дейді израильдік дәрігерлер. Тель-Авивте де екі рет әуе дабылы іске қосылды. Билік тұрғындарға жер асты паналау орындарына жасырыну керектігін ескертті.