Ираннан «Росатом» мамандары эвакуацияланды

Ирандағы «Бушер» атом электр стансасының құрылысына жауапты ресейлік мамандарды эвакуациялау жұмыстары осы аптада да жалғасады. Мұны «Росатом» бірлестігінің бас директоры Алексей Лихачев мәлімдеді.

Оның айтуына қарағанда қазір Мәскеу қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуін күтіп отыр. Өткен аптада қақтығыс аймағынан компанияның 198 қызметкері мінген автобус Арменияға қарай жолға шықты. Олар бүгін-ертең Ресейге жетуге тиіс. Еске салайық, 4-сәуірде Ирандағы Бушер электр стансасының аумағына снаряд түсті. Рейтер агенттігінің мәліметіне қарағанда Ислам Республикасының бір азаматы қаза болған. Станса ғимараты бүлінген жоқ. Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік жағдайға алаңдап отыр.