АҚШ пен Иран атысты 45 күнге тоқтатуы мүмкін
АҚШ пен Иран оқ атуды 45 күнге тоқтату мәселесін қарап жатыр. Бұл туралы америкалық Axios басылымы жазды. Әлемнің тұрақтылығы үшін маңызды келіссөзге Пәкістан, Мысыр және Түркия арағайын болып отыр.
Вашингтон Тегеранға бірнеше ұсыныс әзірлеп, жіберген. Бірақ Ислам Республикасы тек қағаз жүзінде орындалатын келісім жасамаймыз, - деп отыр. "Егер Иран Құрама Штаттардың уақытша бітімге қатысты ұсынысын қабылдаса, соғысты толық тоқтатуға жол ашылады", - дейді сарапшылар.