Сауд Арабиясы 10 млрд доллар шығынға батты
Ирандағы соғыс салдарынан Сауд Арабиясы 10 млрд доллардан астам шығынға ұшырады. Бұл туралы The Wall Street Journal газеті хабарлады.
Шығын Иранның Ормуз бұғазындағы кеме қатынасын шектеумен байланысты. Бұл Корольдіктің мұнай экспорты көлеміне кері әсер етіп отыр. Сондай-ақ елдегі АҚШ нысандарына жасалған соққылар мен Формула-1 жарысы сияқты ірі іс-шаралардың тоқтатылуы мемлекет экономикасына ауыр тиіп отыр. Осыған байланысты жергілікті билік пен мемлекеттік компаниялар шығындарды қысқарту үшін ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру кестесін қайта қарап жатыр.