Иран АҚШ-тың ұсынысына 10 талап қойды
Иран АҚШ-тың 15 шарттан тұратын ұсынысына 10 талаппен жауап берді. "Рейтер" агенттігінің хабарлауынша, парсы елі қарымта құжатты Пәкістан арқылы жолдаған.
Онда Тегеранның Ақ үйдің бейбіт бітімге келу туралы бастамасынан бас тартатыны айтылған. Оның орнына Иран Таяу Шығыстағы қарулы қақтығыстарды тең дәрежеде тоқтату, Ормуз бұғазы арқылы қауіпсіз өтуді қамтамасыз ету, соғыстан зардап шеккен аймақтарды қалпына келтіру және халықаралық санкцияларды алып тастауды талап етіп отыр. Трамп Тегеранның 10 талаптан тұратын хатын "елеулі қадам, бірақ жеткіліксіз" деп атады. АҚШ президенті сонымен қатар, "бүгін Иран үшін келісімге келудің соңғы күні" екенін еске салды.