БҰҰ Ақш-қа ескерту жасады

БҰҰ Таяу Шығыстағы ахуалға алаңдап отыр. Халықаралық ұйым тіпті АҚШ-қа ескерту жасады.

Бас Хатшы Антонио Гуттериш: "Президент Дональд Трамп Ирандағы электр стансалары мен көпірлерге шабуылдауды бұйырса, бұл халықаралық құқыққа қайшы",- деді. Осыған дейін Құрама Штаттар Иранда Тегеран мен Караджа қалаларының арасын жалғайтын үлкен көпірді құлатқан еді. Бірақ Ақ үй басшысының өзі мұны мүлде әскери қылмыс санамайтынын мәлімдеген болатын.

Стефан Дюжаррик, БҰҰ өкілі:

- Бас хатшы Антониу Гутерриш тараптарды халықаралық құқықты сақтауға шақырады. Сондай-ақ, ол азаматтық нысандарға, оның ішінде энергетикалық инфрақұрылымға шабуыл жасауға болмайтынын еске салады. Тіпті нақты бір азаматтық инфрақұрылым әскери мақсатта қарастырылған күннің өзінде, оған жасалған шабуылдың салдары бейбіт тұрғындарға зиян келтірмеуі тиіс. Жалпы, халықаралық дауды тек бейбіт жолмен шешуден басқа тиімді жолы жоқ.