Пентагон басшысын қызметінен қуу ұсынылды

АҚШ-тың Демократиялық партия өкілдері Пентагон басшысы Пит Хегсетке Ирандағы әскери операцияға байланысты импичмент жариялауды ұсынды.

«Эксиос» порталының хабарлауынша, демократтар Соғыс министрі әскери анты мен конституциялық міндеттерін бұзды деп айыптап отыр. Бірақ басылым Хегсетке импичмент жариялануы екіталай деген пікірде. Өйткені Республикалық партия өкілдері Конгрестің қос палатасында да басымдыққа ие. Ал министрді жұмыстан шығару үшін сенаторлардың үштен екісі қолдап дауыс беруі керек.