АҚШ пен Иран уақытша келісім жасасты

АҚШ пен Иран ақыры уақытша келісімге келді. Төрткүл дүниені алаңдатқан мәселеге қатысты жаңалықты Америка президенті Дональд Трамп әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. 

Ақ үй басшысы  Ислам Республикасы Ормуз бұғазын дереу ашса, әуе соққысын екі аптаға тоқтата тұратынын мәлімдеді. «Сондай-ақ Құрама Штаттар әскери мақсатына жетті, енді мәселені келіссөз арқылы шешуге мүмкіндік туды», - деді Америка басшысы. Оның айтуына қарағанда, Иран Вашингтонға 10 тармақтан тұратын ұсыныс жолдаған. Бұл талаптар келіссөз барысында талқыланады. Осыған дейін Президент Трамп Иранға қатаң ультиматум қойып, сәрсенбіге қараған түні сағат 01:00-ге дейін уақыт берген еді. Келісімге келмесе, Иранның электр стансалары мен көпірлерінің күлін көкке ұшырамыз деген. Уақытша бітім белгіленген мерзімге 1 сағаттай уақыт қалғанда жасалды.