Израиль консулдығына шабуыл жасалды
Ыстамбұлдағы Израиль консулдығына шабуыл жасалды.
Бешикташ ауданында орналасқан нысан маңында белгісіз біреулер полиция қызметкерлеріне шабуылдап, екі тәртіп сақшысы жарақат алды. Атыс барысында полиция қарымта ретінде оқ жаудырып, күдіктілердің бірі оқиға орнында көз жұмды. Қалған екеуі жараланғаннан кейін ұсталды, екі полиция қызметкері жеңіл жарақат алған. Оқиғадан кейін Ыстамбұл прокуратурасы қылмыстық іс қозғап, тергеу жұмыстарын бастап кетті. Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, күдіктілердің жеке тұлғалары анықталған. Олардың бірінің діни ұстанымдарды өз мақсатында пайдаланатын топпен байланысы болғаны белгілі болды. Ал екіншісі бұған дейін есірткі қылмыстары бойынша жауапкершілікке тартылған. Сонымен қатар оқиға орнында тағы үш адам ұсталды. Осылайша, 5 адам іске қатысы бар күдікті ретінде тіркелді. Оқиғаға байланысты Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған мәлімдеме жасап, шабуылды қатаң айыптады.
Режеп Тайип Ердоған, Түркия Президенті:
- Ыстанбұлда болған бұл жантүршігерлік шабуылды қатаң айыптаймыз. Батыл қауіпсіздік күштеріміздің жедел әрекетінің арқасында бұл қылмыстың алды алынды. Түркия лаңкестік әрекетке қарсы күресті тоқтатпайды. Мұндай арандатушылық сипаттағы жоспарлы әрекеттердің ел қауіпсіздігіне нұқсан келтіруіне жол бермейміз.