Израиль Ливанның Сидон қаласын атқылады

Израиль әуе күштері Ливанның Сидон қаласын атқылады. Қаңғыған снарядтың бірі дәмханаға түсті. 

Рейтер агенттігінің мәліметі бойынша, сегіз адам бақилық болды. Тағы 22-ы жараланды. Жарылыстың арты өртке ұласты. Көрші ғимараттардың терезелері сынып, көліктер бүлінді. Оқиға орнына құтқару шаралары жүріп жатыр. Ливандық дәрігерлердің айтуына қарағанда, зардап шеккендердің кейбірінің жағдайы ауыр.