Ирандағы зауытқа шабуыл жасалды

Иранның Лаван аралында орналасқан мұнай өңдеу зауытына шабуыл жасалды.

Жергілікті Mehr агенттігінің мәліметтеріне сүйенсек, соққы салдарынан кешен аумағында өрт шыққан. Қызметкерлер эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ. Елде отынмен қамтамасыз ету және тарату жүйесі штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Айта кету керек, бұл оқиға АҚШ пен Иран арасында орнаған бітімнен кейін бірнеше сағат өткен соң болған. Вашингтон мен Тегеран әзірге бұл жағдайға қатысты түсініктеме берген жоқ.