Трамп: АҚШ Таяу Шығыстан әскерін шығармайды
АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қатаң ескерту жасады. Егер келісімнің нақты шарттары орындалмаса, Ислам Республикасына бұрын-соңды болмаған жойқын соққы беретінін мәлімдеді.
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жазды. Ақ үй басшысы "Құрама Штаттар Таяу Шығыстан әскерін шығармайтынын" жеткізді. Иранның ядролық қаруға қол жеткізуіне жол бермейтінін тағы бір рет қадап айтты. Сондай-ақ Ираннан Ормуз бұғазын ашуды талап етті. Оның сөзіне қарағанда, АҚШ әскерилері қазір күш жинап, келесі ұрысқа сақадай сай отыр. Ал жазбасын "Америка қайта оралды" деп аяқтаған.