Еуропаның қор нарығы күшейді
АҚШ пен Иран уақытша бейбіт бітімге келгелі Еуропаның қор нарығы күшейді. Немістің DAX индексі 5, "кәрі құрлықтың" Stoxx 600 құрама индексі 4 пайызға нығайған.
Сауда сарапшылары бұл өсімді Дональд Трамптың Ормуз бұғазын ашу үшін Иранға соққы жасауды тоқтату туралы мәлімдемесімен байланыстырады. Ал мұнай бағасы керісінше 10 пайызға құлдырады. Бұл энергетикалық ірі компаниялар үшін қолайсыздық тудырса, жанармайдың арзандауы басқа салаларға серпін берген. "Люфтганза" және "Рьян-Эйр" әуе компанияларының акцияларының бағасы 10 пайыздан асты. Банктер мен микрочип өндірушілердің де құны артқан. Сарапшылар Израиль мен Иран арасындағы кикілжіңнің толық шешілмегенін ескеріп, нарықтағы қауіп әлі сейілген жоқ деп ескертеді.